Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы мереке күндері ауа-райы қандай болады?

Синоптиктер 20-22 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жаңбыр мен сулы қар жауып, бірақ температура нормадан жоғары болады, – деп хабарлайды “Қазгидромет”.

“Мереке күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен соңы қарға айналатын қар, құбылмалы ауа райы күтіледі. Мұндай ауа райы Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан ауысатын циклондар мен атмосфералық фронттармен байланысты болады. Бірақ ауа температурасы жауын-шашынға қарамастан климаттық нормадан асып кетеді деп күтіледі. Оңтүстік облыстарда күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін, кей жерлерде 25 градусқа дейін жылынады”, – деп хабарлады синоптиктер. Сондай-ақ, республиканың солтүстік бөлігінде 3…13 градусқа дейін жылынатыны айтылады.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбенің бас дәрігері халықты хиджамаға жасамауға шақырды

Павлодарда пойыз қағып кеткен 12 жасар бала аман қалды

Қазақстанның Олимпиада комитеті 2026 жылғы ойындарды өткізу ойынан бас тартты

Талқылау