Алдағы күндері елімізде қарлы жауын-шашын болады деп күтілуде
Алдағы үш тәулікте, бұлтты, жауын-шашын, көбінесе жаңбырлы ауа-райы, таулы аймақтарда күшті қарлы жаңбыр күтіледі. Температура төмендейді, алайда барлық аумақта климаттық нормадан жоғары болуы сақталады.
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.
Қазгидромет хабарлайынша, Қазақстанда 1-3 наурызда жауын-шашын, боран, көктайғақ болады деп күтілуде.
“Солтүстік-Атлантика циклонымен байланысты атмосфералық фронттар, Қазақстан аумағының батысынан шығысына қарай қозғалып барады. Сол фронттармен солтүстік, орталық, және шығыс облыстардың кей жерлерінде жауын-шашын, боран, көктайғақ, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-23м/с күтіледі”,-делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік облыстарға Каспий циклонымен байланысты фронттардың әсерінде болады. Алдағы үш тәулікте, бұлтты, жауын-шашын, көбінесе жаңбырлы ауа-райы, таулы аймақтарда күшті қарлы жаңбыр күтіледі. Температура төмендейді, алайда барлық аумақта климаттық нормадан жоғары болуы сақталады.