Алдағы күндері елімізде қар жауып, қатты жел соғады
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанда 22 пен 24 қаңтар аралығында қар жауып, жел соғады.
Ауа райы синоптиктерінің пікірінше, атмосфералық фронттар Қазақстанға батыс және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындар бойымен келеді. Соның әсерінен елде қар жауып, кей жерлерде қатты дауыл тұрады.
“Алдағы үш күнде синоптикалық құбылыс айтарлықтай өзгермейді. Ал, оңтүстік-батыс тропосфералық ағындар бұрынғыдай температураны қалыпты ұстап тұрады”, – дейді мамандар.
Түркістан, Батыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды. 21 қаңтарда Түркістан облысының кей жерінде қар жауады. 22 қаңтарда кей жерде тұман түсіп, жел соғады. Желдің жылдамдығы 15 м/с. Батыс Қазақстанда кей жерлерде жел соғады. Көктайғақ болып, оңтүстік-батыс желі соғады. Оның жылдамдығы 15 м/с болмақ.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн

"Қабырғалары бір жыл болмай жарылып, құбырлары істен шыққан": Алматыдағы қай тұрғын үй кешеніне тұрғындар көп шағымданады
Редакция зерттеуінше, ең көп ақаулар "Qazaq Stroy" құрылыс компаниясынан салынған үйлерден анықталған