Алдағы жылдары қай мамандық иелері жұмыссыз қалмайды – Еңбек министрлігінің болжамы
Еңбек және халықты ілеуметтік қорғау министрінің орынбасары Асқар Биахметов алдағы уақытта жұмыссыз қалмайтын мамандық иелерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Биахметов алдағы 6 жылда Қазақстанда 1,6 миллион кадрдың қажет болатынын айтты.
"Алдағы 6 жылда кадрларға жиынтық сұраныс 1,6 млн адам санында бағаланады, оның ішінде кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлерге шамамен 900 мың және жұмысшы мамандықтары бар мамандарға 400 мыңнан астам. Жұмысшы кадрлар құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және денсаулық сақтау салаларында сұранысқа ие. Бұл салаларда жұмысшы мамандықтарға сұраныс 56% тең", – деді ол.
Құрылыс саласында келесі мамандар тапшы:
- Сылақшы (9758 адам);
- Құрылыс бригадасының прорабы (9477 адам);
- Дәнекерлеуші (7229 адам).
Ауыл шаруашылығында:
- Шаруалар (10 695 адам);
- Трактор жүргізушілері (7141 адам);
- Ірі қара малды өсіру бойынша мамандар (4940 адам).
Өңдеу өнеркәсібінде:
- Дәнекерлеуші (3342 адам);
- Тігінші;
- Киімді қалпына келтіруші (2606 адам);
- Өнеркәсіптік құрылғы слесарі (2367 адам);
- Сантехник пен құбыр жүргізуші (2051 адам).
Денсаулық сақтау саласында:
- Орта медицина қызметкері (24 614 адам);
- Жедел жәрдем жүргізушісі (4604 адам);
- Фельдшер (4536 адам).
Талқылау