Алдағы күндері Қазақстанда нөсер жауын жауып, үсік жүреді – синоптиктер
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі Қазақстандағы 18-20 мамыр аралығына ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінің ауа-райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды, найзағай мен бұршақ жауады деп күтіледі.
"18-20 мамырда солтүстік-батыста, орталықта, 18-19 мамырда оңтүстікте, 18-20 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжануда. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде.
Қазақстан бойынша температуралық фонның жоғарылауы болжануда. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік болжанады", - деп хабарлады "Қазгидрометте".
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды