Алаяқтар желіде жоқ бренд дүниелерді миллион теңгеге сатқан
Алаяқтар шымкенттіктерге жоқ бренд заттарды миллион теңгеге сатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин (күдіктілердің ұсталу сәті)
Полиция 22 жастағы тараздық тұрғынды және оның Алматы мен Шымкенттегі екі досын ұстады. Олар әлеуметтік желіде бренд аяқкиім мен сөмкелер сататын жалған интернет-дүкен ашып, түпнұсқа тауарлардың фотоларын жариялап отырған.
Сатып алушыларға жеткізу шарттарын түсіндіріп, төлемді аударым жасау арқылы немесе қашықтан төлеу шотын жіберу арқылы алған. Бренд дүниесін ұзақ күтіп, сол күйі ала алмаған тапсырыс берушілер полицияға арызданған.
Тиімді бағадағы көлік: Түрмеде отырған алаяқтар халықты 2 миллиард теңгеге алдап кеткен
Бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. “Киберпол” бөлімінде онлайн алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер еліміздің барлық аймағында болуы мүмкін екені айтылды.
Еске салсақ, осыған дейін астаналық алаяқ адамдарды мемлекеттен пәтер алуға көмектесемін деп 550 миллион теңгеге алдап соққан.