Алаяқтар танымал ірі компаниялар атынан жалған кастинг жасап ақша тауып жүр
Ірі компаниялар атынан жалған кастинг ұйымдастырып, ақша жасайтын алаяқтар анықталды.
Бұл туралы brod.kz хабарлайды.
Олар кастингке қатысам деушілердге алдымен ғаламтор арқылы анкета толтырып, онлайн түрде ақша аудару керектігін айтады. Өздері мұнысын түсірілімге қатысушылардың келмей қалатындығымен түсіндірген. Сол себепті нақты келетінін дәлелдеу үшін 1000 теңге көлемінде ақша аударуын сұрайды. Ол ақшаға кастингке қатысуға арнайы рұқсат қағазы жасалатынын айтқан. Кастинг болмай қалған күнде ақшаның қайтарылатынын да ескерткен.
Кастинг «Қазақфильм» кинокомпаниясы атынан жазылады. olx.kz сайтында Шымкентте өтетін түсірілім үшін адам жинайтынын айтқан. Түсірілім үшін сағатына 2000 теңге, бір күнге 10000 теңге төленетінін хабарлаған. Ол үшін түсірілімге қатысатынын нақтылау үшін электронды түрде ақша аудару керектігін ескерткен.
Жіберіп алмаңыз:
Банкоматтан ақша алу кезінде алаяқтар адамды қалай алдайды? (видео)
Шымкентте алаяқ тұрғындардың банк карточкасынан ірі көлемдегі ақшаны ұрлап кеткен
Мәскеуде метро қызметкері банкоматта ұмыт қалған 100 мың рубльді ұрлаған