Алаяқтар рәсімдеген несие қандай жағдайда есептен шығарылады?
Фото: istockphoto.com
Күмәнді сілтемеге өтіп, төрт таңбалы кодты елемей хабарлап немесе банк карточкасын жоғалтқан жағдайда кез келген адам алаяқтардың құрығына ілігіп, атына несие рәсімделгенін кеш біліп жатады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұндай жағдайда жедел әрекет ету керектігін ескертеді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алаяқтық кредитке тап болсаңыз, кредиторға дереу хабарласыңыз. Қоңырау шалыңыз немесе жазбаша түрде хабарлаңыз.Картаны, шотты және мобильді қосымшаны бұғаттауды талап етіңіз. Жүгіну фактісін тіркеуді сұраңыз.
Полицияға арыз беріңіз. eGov, eOtinish порталы арқылы немесе бөлімшеге барып шағымдануға болады. Кредиттің күні, сомасы және ұйым атауын көрсетіңіз. Дәлелдерді SMS, скриншоттар, үзінді көшірмелер тіркеңіз.
Полициядан мына құжаттардың бірін алыңыз:
– Сізді жәбірленуші деп тану туралы қаулы (ҚПК 71-бап)
– Алаяқтық мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныс (ҚПК 200-бап).
Құжаттарды кредиторға жіберіңіз. Кредитор 3 күн ішінде пайыз, айыппұл есептеуді және берешек өндіріп алуды тоқтатуға міндетті.
Кредитор талаптарды орындамаса, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне eOtinish арқылы шағым түсіріңіз.
Полиция құжаты мен банктің бас тартуын тіркеңіз.
Қай кезде кредит есептен шығарылады?
Егер банк/МҚҰ тарапынан заңбұзушылықтар болса және полиция фактілерді растаған жағдайда несие сотсыз есептен шығарылады.
Маңызды бұзушылық мысалдарына биометриялық сәйкестендірудің болмауы, жас шектеулердің бұзылуы, клиенттің келісімінсіз кредит рәсімделуі жатады.
Ақшаның ерте берілуін (шешім қабылдау уақыты сақталмауы) сот арқылы полиция тергеп, сотқа материал тапсырады. Сот алаяқтық пен банк тарапынан бұзушылықтарды растайды.
Полиция құжатынсыз немесе сот шешімінсіз кредит есептен шығарылмайды. Есептен шығару банк және микроқаржы ұйымы тарапынан заңбұзушылық болғанда ғана мүмкін болады.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
