Дербес басқару, бюджеттен қаражат алмау және салық жеңілдіктері: Алатау ерекше мәртебеге ие болады

Алатау қаласы дербес басқару, қаржыландыру және жер пайдалану жүйесі бар ерекше мәртебеге ие болады. Парламент “Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы” конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, Алатау дербес басқарушылық, қаржылық және институционалдық ерекше режимі бар қала ретінде қалыптасады. Басқару моделі қазіргі әкімшілік басқару мен стратегиялық дамуды бөлуге негізделген. Бұл үдерісте негізгі рөлді Alatau City Authority атқарады. Alatau City Authority – Үкімет құрамына кірмейтін, бірақ премьер-министр төрағалық ететін Кеңеске есеп беретін мемлекеттік қор нысанындағы орталық мемлекеттік орган. Сонымен қатар мәслихат пен әкімдік қаланың күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі өз функцияларын сақтайды.
Заң қаланы Smart City ретінде дамытуды және Digital by default қағидатын енгізуді көздейді.
Қаланың қаржы жүйесі дербес болады:
- Арнайы салық нормалары қолданылады;
- Республикалық немесе басқа бюджеттен ақша алынбайды, тек қаланың өз бюджетін пайдаланады;
- Жергілікті бюджет пен мемлекеттік қор бюджетін біріктіретін шоғырландырылған бюджет жасалады.
Инвестициялық саясатты іске асырудың негізгі құралы Алатаудың жер қоры болады. Жер учаскелері резиденттерге нақты инвестициялық жобаларға байланысты лицензиялар немесе шарттар негізінде беріледі. Бұл жерді даму ресурсы ретінде экономикалық айналымға тартуға мүмкіндік береді.
Қаланы дамыту ұзақ мерзімді жоспарлар бойынша жүреді: стратегия, 30 жылдық жоспар және 15 жылдық қала құрылысы жоспары бар.
Сонымен қатар, инвесторлар қорғалатынына, тең жағдайда қызмет атқаратынына және АХҚО соты мен халықаралық арбитраж арасында таңдау құқығына кепілдік беріледі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?