Алатау қаласында ғимараттардың қауіпсіздігіне жобалаушылар жауап береді

Алатау қаласында жобалаушылардың жеке жауапкершілігін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың айтуынша, жаңа қалада құрылыс саласында гибридті модель қолданылады.
“Әлеуметтік нысандар мектептер, ауруханалар, емханалар отандық типтік жобалар бойынша салынады. Ал жеке құрылыс компанияларына шетелдік жобалау және құрылыс стандарттарын қолдануға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте әлемнің үздік сәулет бюроларын тарту көзделген”, – деді Бозымбаев.
Alatau City аумағында жер учаскелері шетелдік инвесторларға жалға берілмек
Алатау қаласында жылдамдығы сағатына 350 шақырымға жететін аэротакси іске қосылмақ
Сонымен қатар жобалаушылар өз жұмысының сапасына толық жауап береді. Қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайда оларға қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.
“Егер қандай да бір төтенше жағдай болса, тек жобалаушыны жазалау жеткіліксіз. Өйткені өрт немесе басқа да апат кезінде ғимаратқа шығын келуі мүмкін. Сондықтан кәсіби жауапкершілікті міндетті сақтандыру енгізіледі. Бұл жауапкершілік тек формалды емес, заңдық және қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етілуі тиіс. Барлық тәуекелдер сақтандыру жүйесі арқылы жабылуы керек”, – деді Бозымбаев.
Еске салайық, бұған дейін 2050 жылға қарай Алатау қаласының экономика көлемі 50 миллиард долларға жететіні туралы жазған едік.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған