Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласының әкімін арнайы Кеңес тағайындайды: Вице-премьер Бозымбаев екі деңгейлі жүйені атады

Фото: caspian.kz

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Алатау қаласында басқарудың екі деңгейлі жаңа моделі енгізілуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бозымбаевтың айтуынша, әкімдік пен мәслихат қаланың күнделікті өміріне жауап береді. Олар әлеуметтік сала, инфрақұрылым, коммуналдық қызметтер сияқты мәселелермен айналысады. Олардың өз қалалық бюджеті болады.

“Ал қаланың стратегиялық дамуы жеке құрылымға беріледі. Бұл үшін арнайы мемлекеттік қор құрылып, ол инвестиция тарту, даму стратегиясын әзірлеу және ірі жобаларды іске асырумен айналысады”, – дейді вице-премьер. 

Вице-премьердің сөзінше, негізгі шешімдерді Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес қабылдайды.

“Кеңесті Премьер-министр басқарады. Ал оның құрамын Президент бекітеді. Құрамының кемінде үштен бірі тәуелсіз, соның ішінде халықаралық деңгейдегі мамандар болады деп жоспарланып отыр.

Осылайша, қала басқаруы екі бағытқа бөлінеді:

күнделікті басқару – әкімдік,

стратегиялық даму – арнайы қор.

Бозымбаев қала әкімі кеңес арқылы тағайындалатынын да айтты. Оның рөлі city-менеджерге ұқсас болады. Демек кеңес бекіткен даму жоспарларын іске асырады.

Вице-премьердің айтуынша, мұндай модель жедел басқару мен ұзақ мерзімді жоспарлауды бөліп, қаланың тиімді дамуын қамтамасыз етеді.

Нұрила Жұмаділлә
Жұма, 20 Наурыз, 2026 14:16