Alatau City Bank-тің Pay Mastercard картасымен жаңа жылдық қандай сыйлықтарды тиімді сатып алуға болады

Alatau City Bank-тің Pay Mastercard картасымен зат сатып алып, қаржының 20%-ына дейін бонус ретінде қайтаруға болады. Банктің адалдық бағдарламасы азық-түлік пен киімнен бастап, мобильді байланысқа дейінгі көп санаттарды қамтып отыр. Әсіресе мереке алдында, ақшаның басым бөлігі сыйлықтарға жұмсалатын кезде, бонус алған ерекше жағымды. Бұл кезде сіз жақындарыңызды қуантсаңыз, банк сізді қуантады.
Банк картасымен киім-кешек, аксессуарлар, балаларға арналған сүйікті әрі дамытушы ойыншықтарды сатып алған тиімді: балаларға арналған тауарларды сатып алғанда бонус мөлшері 20 пайызға дейін жетеді. Ұялы телефон балансын толықтыру мен онлайн сервистерді (кино және музыка) төлеу клиентке 15 пайыз бонус әкеледі, ал такси қызметіне ақы төлегенде 7 пайыз бонус есептеледі. Жалақы карталарының иелеріне елдегі барлық жанармай құю бекеттерінен 5 пайыз бонус есептеледі.
Alatau City Bank-тің Pay Mastercard картасымен супермаркеттерде, киім дүкендерінде, маркетплейстерде, медициналық мекемелер мен дәріханаларда, тағам жеткізу қызметтерінде, онлайн кинотеатрларда, музыка мен фильмдерге төлегенде, жиһаз дүкендерінде, кафе мен мейрамханаларда тауар мен қызметтерге ақы төлегенде де жоғары мөлшерде бонус беріледі.
Банктің адалдық бағдарламасы негізгі бонустардың үш деңгейін қарастырып отыр. Олардың арасынан жоғары есептелетін санаттарды таңдауға болады:
- Silver – 1-санат;
- Gold – 2-санат;
- Premium – 4-санат.
Alatau City Bank-тің POS-терминалдарында QR-код арқылы төлем жасаған кезде бонустар мөлшері артып, Silver санатындағы клиенттер үшін 1 пайыз, Gold үшін 1,5 пайыз және Premium үшін 2,5 пайыз болады.
Kaspi POS-терминалдарында QR-код арқылы төлем жасаған кезде мына мөлшердегі бонустар беріледі: Silver – 0,5 пайыз, Gold – 1 пайыз, Premium – 2 пайыз.
Бонустар төлем жасалғаннан кейін және эквайер банктерден қаржылық құжаттар түскен соң шотқа есептеледі және келесі төлемге пайдалануға дайын болады. Картаны қаншалықты белсенді пайдалансаңыз, соншалықты көп пайда табасыз.
Осылайша, Alatau City Bank-тің Pay Mastercard картасы иелері жақындарына сыйлық таңдаған кезде олардың жасына және қызығушылықтарына қарай кең мүмкіндіктерге ие болады.
№ 1.1.35 лицензиясы 18.07.2025 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен берілген.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?