Алакөлдегі өртенген демалыс базаларының видеосы пайда болды
5 шілдеге қараған түні Алакөл жағалауында болған қатты өрттің салдарынан қандай демалыс орталықтары зардап шеккені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД мәліметінше, өрт "Керуен" демалыс базасында басталған. Қатты желдің салдарынан өрт көршілес "Әйгерім", "Әлихан", "Жібек жолы" демалыс орындарына ауысып, жалын шарпыған.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жағдай туралы облыс әкімдігіне хабардар етілді. Өрт орнына Үржар ауданының әкімі жіберілді. Демалушылар көрші базаларға орналастырылды.
Еске сала кетейік, өрт болған жерге 186 адам мен 29 техника жұмылдырылды. Демалушылардың өздері де тілсіз жауды өшіруге көмектескені белгілі болды.
Дәрігерлер көмегіне жеті адам жүгінді. Барлығы ауруханаға жатудан бас тартты. Қазіргі таңда өрттің себептері анықталуда.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі