Алакөлде 17 жастағы жасөспірім қайықтан суға секіріп, мерт болды
Фото: Freepik.com
Алакөл көлінде 17 жастағы жасөспірім жағадан 500 метр жерде құтқару күртешесіз қайықтан суға секіріп, батып кетті. Қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
32 жастағы қайық иесіне абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қайғылы оқиға Алакөлде болды.
Бейтаныс жігіттерден қорыққан әйел сәл болмағанда Үлкен Алматы өзеніне батып кете жаздады
Алматы облысында фотоға түсемін деп өзенге құлап кеткен баланың денесі екі күннен кейін табылды
"Суға түсуге арналмаған аумақта жағадан 500 метрдей қашықтықта 17 жастағы жасөспірім құтқару күртешесіз қайықтан суға секіріп кетіп, батып кетті", – деп түсіндірді Абай облысының полиция департаменті.
Қазір қажетті сараптамалар кешені тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында зейнеткер мен 8 жасар немересі суға батып кеткені туралы жазған едік.

"Мықты еркек қана көп әйел ала алады": Тоқал болуға келіскен қазақстандық өмірінен сыр шертті
