Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алагөзов бұрынғы әйелінен дүние-мүлкін қайтару үшін сотқа қайта шағым түсірген

ҰҚК мен Түрксіб аудандық ІІБ (Алматы) Тұрсынғали Алагөзовке қатысты қозғалған істі тергеумен айналысып жатқанда кәсіпкердің өзі сотқа азаматтық шағым түсірген. Баян Мақсатқызының сүйіктісі өзі басқарған “Galanz bootlers” АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиналыс кезінде шығарған шешімдерін жоққа шығаруды талап еткен, деп хабарлайды “Время” басылымы.

Естеріңізде болса, жуырда ғана отандық арналардың біріне сұхбат берген Алагөзов мүлкінің тең жартысын өз еркімен бұрынғы әйелінің атына аударғанын айтқан еді.

“Табысты адам қай кезде де табысты. Жас кезде империя құрған болсам, оны қазір де жасай аламын. Ең бастысы, балаларыммен ара-қатынасымды түзесем болды”, – деген еді кәсіпкер. Сол шақта Тұрсынғали Алагөзовтің қызы Әмина Алагөзованың тегі мен әкесінің атын ауыстырып алғаны белгілі болды. Әкесіне ренішті қыздың бұлай жасауы бекер емес-тін.

“Galanz bootlers” АҚ 43,25 пайызының иесі Алагөзов акционерлердің кезектен тыс жиналыс кезінде шығарған шешімін жоққа шығаруды талап етіп, сотқа арызданған. Басқаша айтқанда, бар мүлкін өз еркімен экс-әйеліне бере салған ол бұл шешімінен бас тартқан. 

Біз сөз еткен жиналыс 2016 жылдың 26 желтоқсанында Алматыда өткен. Бұл уақытта Алагөзов шетелде болғанымен, жиын хаттамасында Алагөзовтің қолы тұр. Авиабилетке қарасақ, расымен де 2016 жылдың 8 желтоқсаны мен 2017 жылдың 5 қаңтары аралығында Алагөзов Қазақстан аумағында болмаған.

Алматыдағы экономикалық ауданарылық сот Алагөзовтің арызын қабылдаған. Алайда компанияның қазіргі басшысы қайта шағым түсіріп, өз деректерін келтірген. “Galanz bootlers” өкілі Е.Таужановтың айтуынша, алғашқы сот инстанциясы мәселенің мән-жайын білместен, біржақты шешім қабылдаған.

Таужановтың пайымдауынша, шетелге кетпес бұрын Тұрсынғали Алагөзов өзінің қызы Әмина Алагөзоваға сенімхат қалдырған. Бұл құжатқа акционерлер жиынына бір ай уақыт қалған шақта, яғни 2016 жылдың 25 қарашасында қол қойылған. Сол күні Алагөзов шетелге авиабилет сатып алып, ұшып кеткенге дейін сенімхаттың күшін жоймаған. Бұдан бөлек, компания республикалық басылым арқылы акционерлер жиналысы өтетінін хабарлаған (тираж 24.11.2016 күні жарыққа шыққан. Бұл шақта Алагөзов Алматыда болатын).

Компания өкілдерінің айтуынша, сараптама нәтижесі құжатағы қолдың Алагөзовке тиесілі екенін растаған. Сот ісі барысында Әмина Алагөзованың құжатты шетелде демалып жатқан әкесіне апарып, қол қойдырғаны анықталған.

Қысқасы, компания өкілі алғашқы сот инстанциясының шешімін жоққа шығаруды сұраған. Алайда сот бұл сұранысты қанағаттандырмады. Сондай-ақ, Алагөзовтің өтінішімен акционерлер немесе директорлар кеңесі жиналысын өткізуге тыйым салынды.

Тұрсынғали Алагөзов компанияның қазіргі басшысы Ильдана Қазмамбетованы “акционерлер жиналысының хаттамасы мен ресми құжаттарды қолдан жасады” деп айыптап, арыз түсірген.

Алагөзовтің шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілген. Қазмамбетованың кінәсі дәлелденбегендіктен, іс тоқтатылған.

Жіберіп алмаңыз:

Роза Рымбаева 9 айлық ұлын асханада ұмытып кеткен

Белгілі композитор: Министрдің өзін аш ұстау керек

Бекболат Тілеухан: Бізде өнер элиталық және “тобырлық” болып екіге бөлінеді

Мұхамедиұлы жалақы мәселесіне қатысты: Аш жүретін шығармашылық адамдар ғаламат туындыларды дүниеге әкеледі

 

 

 

 

 

Талқылау