"Ақжайық" футбол клубының бұрынғы басшысы не себепті ұсталғаны белгілі болды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі "Ақжайық" футбол командасының экс-директоры Азамат Шайхы мемлекеттен қомақты қаржы жымқырды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: fc-akzhayik.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің мәліметінше, Азамат Шайхы 57 миллион теңге көлемінде мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.
Азамат Шайхы қамауға алынды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кетейік, Азамат Шайхының ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынғаны туралы жазған едік.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"