Ішкі істер министрлігінің экс-басшысы Тұрғымбаевтың ісі сотқа жіберілді
Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісі Астана сотына жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана сотынің мәліметінше, іс "өте құпия" санатта.
Бұл ақпарат Жоғарғы сотта да расталды. Экс-министрдің қылмыстық ісі Астананың ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына жіберілді.
"Аса құпия" ісі бойынша басқа деректер жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы БАҚ жарыса жазған еді. Сонымен қатар 20 наурызда Бас прокуратура Тұрғымбаевтан қаңтар оқиғасы ісі бойынша жауап алғанын хабарлаған едік. Ал 30 сәуірде ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған еді.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген