Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы келер жылға болжам жасады

Келер жылы да инфляция деңгейі 6-8 пайыздан аспауы тиіс. Бүгін жыл  қорытындысын жасаған Ұлттық банк төрағасы 2017 жылға осындай жоспар құрып отырғандарын жеткізді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

фы

2020 жылға дейін бұл көрсеткішті 4 пайызға дейін төмендетеміз дейді Данияр Ақышев. Бас банкир валюта нарығының да тұрақталғанын тілге тиек етті. Соңғы 11 айда теңге бар болғаны 0,4 пайызға құлдыраған. Сондықтан Ұлттық банк үш айдан бері валюта нарығына ықпал етіп, интервенция жасауды доғарыпты. Нәтижесінде алтын-валюта қорынан көк тиын шашау шыққан жоқ – деп мақтанды Ақышев.

Сондай-ақ Ұлттық банк өткен жылғы девальвациядан желінген салымшыларға өтемақы төленіп біткенін хабарлады. Яғни банктегі депозиттеріне бір жыл бойы тиіспеген салымшыларға 53 миллиард теңге үлестіріліпті. Бас банкир соңғы кездері қозғалып жүрген қаржы ұйымдарының қосылатыны туралы әңгімеге қатысты да пікірін айтты. Мұндай жағдай келесі жылы болуы мүмкін. Ал валюта нарығындағы тұрақтылық сақтала береді деп сендірді Данияр Ақышев.

“2017 жылы валюта бағамы тағы да еркін айналымда болады. Бір жыл бұрын қабылданған бұл шешімнің дұрыс екеніне көз жеткіздік. Яғни теңгенің нығаюы мен әлсіреуін нарық өзі реттеп отыр. Бұл үрдіске еліміздегі қаржы ұйымдары мен өзге де ірі компаниялар бой үйретіп қалды. Сондықтан бұдан кейін де қаржы нарығы тұрақты болады деп сенеміз”, – дейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.


Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев барлық қазақстандықтардың отандық электромобиль мінгенін армандайды

Назарбаев отандық аяқ киім мен костюм киетінін айтып мақтанды

Шөкеев қандай ұлттық компаниялардың сатылатынын айтты

Теріс діни ағымдар өз уағыздарын насихаттаудың жаңа әдістерін тауып жатыр

Талқылау