Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақын Құрманай Бахтиярқызы Кәмшат Жолдыбаеваға ұқсағысы келетінін айтты

Ақын әрі сазгер Құрманай Бахтиярқызы әнші Кәмшат Жолдыбаеваның дене сымбатына қызығып, оған ұқсағысы келетінін айтады. Мұның тек қажырлы еңбекпен келетінін де жасырмайды.

image

Фото: instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды

Мамырдың 11-і күні шырайлы Шымкент қаласының Оңтүстік Цирк ғимаратында қазақ эстрада жұлдыздарына хит әндер сыйлаған Құрманай Бахтиярқызының “Жаса Шымкент” атты авторлық кеші өтті. Кешке Айнұр Тұрсынбаева, Қайрат Нұртас, Ақылбек Жеменей, Айгүл Иманбаева, Нұрлан Әлімжан, Кәмшат Жолдыбаева, Бейбіт Қошқалиев, Тұрсынбек Қабатов, Жанар Айжанова сынды танымал жұлдыздар келген.

Өнер жұлдыздарының басын қосқан кеште сәнгер Jado ақынға құны 2 000 $ сертификатты тарту етіп, өзінен осы ақшаға кез келген көйлек ала алатынын айтты. Келген қонақтардың барлығы дерлік таң қалып, күтпеген тосын сый екенін айтқан-ды.

Мұнымен қатар, аталған кешке танымал жұлдыз Кәмшат Жолдыбаева да қатысып, ән айтқан. Оның өнерін тамашалаған ақын Құрманай Бахтиярқызы әншінің сымбатына тәнті болған.

“Кәмшат Жолдыбаеваға қарасам шынымен арықтағым келеді. Не деген еңбек. Қылығыңа қырық еркек қылқынып қалса да, сыр бермейтін сұлуымсың ғой”, – дейді Құрманай Бахтиярқызы.

Әнші Жолдыбаева осы уақытқа дейін тікелей эфирде ашық киімі үшін сыналған болатын. Көрермен Кәмшаттың дене сымбатының сұлулығына сеніп, тым ашық киінетінін тілге тиек еткен. Ашуланған әнші артынша инстаграмдағы парақшасында жауап қайтарған-ды.

Талқылау