Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Актрисаның өзі ме деп қалдық": Желіге Дариға Бадықоваға ұқсайтын таиландық әйелдің видеосы тарады

TikTok желісінде Данияр Мұхтар есімді блогер-саяхатшы отандық актриса Дариға Бадықоваға ұқсайтын таиландтық әйелді көпшілікке көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скриншот

Блогердің айтуынша, таиландық әйелдің видеосы көп қаралым жинаған. 

“Саяхаттағанды ұнатамын. Достарымызбен бірге Пхукетке барып демалдық. Сондай күннің бірінде қаланың базарынан жеміс-жидек алуға шықтық. Кенет біздің актрисамызға ұқсайтын, жеміс-жидек сататын сатушы әйелді көрдім. Алғашында, Дариға Бадықованың өзі ме деп қалдым. Амандасып, танысып видеоға түсіріп алдым. Ертеңіне сол видеом 500 мың қаралым жинапты”, – деп жазды саяхатшы. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, шетелдік әйелді қызу талқылап жатыр. 

“Кино түсіп жатқан Дариға деп ойлап қалдым”, “Дариғаның әкесі бірдеңе бүлдірген шығар”, “Қатты ұқсайды екен”, “Дариға реңді сияқты”, “Ешкімге танымал емес кезінде осындай болған шығар”, “Адамға адам ұқсайды”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Дариға Бадықова дінге қатысты көзқарасын айтып, пікір білдірген еді. 

@daniyar_mukhtar_ @dariga_badykova1 ♬ Сезім үшін ost "таптым-ау сені" - Дариға Бадықова & Олжас Абай
Талқылау