Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Сая Оразғалиева күйеуімен ажырасу себебін ашып айтты (фото)

Әнші әрі актриса Сая Оразғалиева өзі тағып жүрген неке жүзігінің суретін көрсетті. Әзірге оған сүйіктісінің ұсыныс жасап, жасамағаны белгісіз. Себебі, ол суреттің тұсына махаббатқа қатысы жоқ жазба жазған.

12940899_565960650248622_1721291370_n

Фото: instagram.com/saechka_007/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сая Оразғалиева жолдсымен ажырасқан соң қатты өзгерген. Ол бұрын отбасылық өмірде көп қиындық көріп, жолдасының күн сайын айтатын сыни пікіріне төзіп келгендігін айтады. Мұндай құрметсіздікке шыдамаған ол ажырасу туралы шешім қабылдап, шоу-бизнес және кино саласында өз орнын табуға тырысады.

Алматыға келіп Баян Есентаваның жетекшілігіндегі топтардың бірінің құрамында ән салады. Кейін “Вузеры” ситкомында  басты рөлдердің бірін сомдап, халыққа актриса ретінде танылады. Оразғалиева үнемі бейтаныс бір жігіттің өзіне тосын сый әзірлеп жүретінін айтады. Ол жігіт әр кез өзіне гүл жіберіп, көлігінің үстіне түрлі сыйлық қойып кетеді екен. Бірақ актриса әлі күнге дейін оның кім екенін жасырып келеді.

Жуырда актриса өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында шылдыр шүмегіне таққан жүзігінің суретін жүктеді. Суреттен жүзіктің айтарлықтай қымбат екені байқалады.

“Акуламды” жүргізбегеніме көп болды. Екі апта ішінде көлік жүргізуді де ұмытып қалған сияқтымын. Дәл қазір Алматыдамын. Ұлыма бара жатырмын” деп жазады Оразғалиева суреттің тұсына.

1

Актриса көлігінің рөлінен бұрын, қолындағы жүзігін көрсеткісі келгендей. Мұны желі қолданушылары да байқаған.

“Ерте ме, кеш пе өмірімізде бізді түбегейлі өзгертетін бір оқиға болады. Бұл ертең немесе басқа күні болуы мүмкін. Көп жағдайда бұл адамдардың әрекетімен байланысты. Біз жан-дүниемізге терең үңіліп, тыныштық іздей бастаймыз. Бір кездері көңілімізге қаяу түсірген жандардың енді өмірімізге айтарлықтай әсер ете алмайтынын ұғынамыз.

Осы кезді мен адамның кемелденген шағы деп білемін. Өмірден баз кешкенде, жаңа өмір бастап, алға жылжу екінің бірінің қолынан келе бермейді… Бұдан кейін сен біреуге махаббатыңды сыйлауға әзір екеніңді түсінесің. Бірақ құлақтың құрышын қандырған жылы сөздер енді құнсыз. Достықта да дәл солай. Енді сен адамдардың тек әрекеттерін бағалай бастайсың.

13531943_647316588752635_271066970_n

Барлығын тастап, өзіңмен қолыңдағы пиццаңды бөлісуге асығатын жанды жылы лебізбен қарсы аласың. Енді сен ғашықтардың қарым-қатынасында кімнің нені беріп, нені алатынын емес, бар болғаны бірге өткізген уақыттарыңды бағалайсың”, – дейді Сая Оразғалиева өз өмірі туралы жазбаларының бірінде.

Желі қолданушылары актрисаның бұл жазбасын өткен отбасылық өмірімен байланыстырған-ды.


Жіберіп алмаңыз:

Сая Оразғалиеваның үйіне ұры түсті

Тәуекел мен Сая бір-біріне ғашық болып қалды

Қазақ сахнасындағы шаңырағы шайқалған жұлдыздар

Қазақтың телехикаяларында бой көрсеткен ең сымбатты әрі сұлу 10 актрисасы

Талқылау