Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Назгүл Қарабалина “91” тобына ұқсаған гелзбенд құрды (фото)

Қазақстандағы жас музыкалық топтардың тізімін күні кеше Назгүл Қарабалинаның қос гелзбенді толықтырды. Иә, «Алашұлы» этно-тобының продюсері енді кью-поп бағытын насихаттауды қолға алды,-деп жазды Stan.kz тілшісі.

Бірақ, отандық шоу-бизнесте қазақтың поп музыкасын атышулы «Найнти уан» қалыптастырды деген түсінік пайда болған-ды! Алайда, Назгүл ханым «91» тобының бұл қадамына кереғар пікір білдірді. «Қазақ поп музыкасына жаңағы сырға таққан, шашын түрлі түске бояғандар кіре алмайтын шығар. Өйткені, олар кью-поптың басқа түрі шығар, кәрістердің бізге алып келгені болар. Ал, менің тобым спорт бағытын дамыту. Ол төзімділік, алға ұмтылу, жеңу, ылғи да ізденісте болу сияқты жастарымызға дұрыс бағытты дәріптегім келеді.  Екінші «Ою» тобымен шет елдерде қазақ әнін танытқым келеді», - дейді Назгүл Қарабалина.   «Ою» және «White Way»! Назгүл дәл осылай аталатын қыздар ұжымына жетекшілік етеді. Отандық шоу-бизнеске енді қадам басқан гелзбендте продюсерінің пікірін қостап отыр. Олар «Найнти уандық» жігіттердің бұл қадамын жаңалық ретінде санап отырған жоқ. Өйткен, қазақтың поп музыкасын  дәріптеуде «91» тобының үлесі шамалы дейді.   «Біз нағыз кью-поп жобасымыз. Яғни, қазақтың поп музыкасы бұрыннан бері келе жатыр. Бұл жерде «91» тобында айта кеткен жөн. Кью-поп субмәдениетін өнерге алып келуші деп «Найнти уанды» таниды. Алайда, қазақтың поп музыкасы бұрында болған. Сондықтан, «91» алып келген жоқ. Бұл музыка бұрында болған, қазірде жалғасып келе жатыр», - дейді жаңадан құрылған  қыздар тобы.   Сондай-ақ, қазақ поп музыкасын насихаттауды мақсат тұтқан қыздар ұжымы «кью-поп өкілі» деген ұғымға өзгеріс әкелгісі келетіндерін жеткізді. Өйткені, шаштарын түрлі түске бояп, сырға таққан «Найнти уандық» бозбалалардың сыртқы пішінінде қазақы колориттің жоқтығын айтады.  «Сондай-ақ, кью-поп десе «Найнти уан» тобының шаштарын бояған, сырға таққан жігіттері елестейді. Ол қазақ поп музыкасына жатпайды. Ол жай ғана образ. Сахнадағы стилін әркім өзінше қалыптастырады. Ол Кореяда да, Амрикада да бар. Сондықтан, «91» тобы жаңалық әкелген жоқ», - дейді «White Way» тобы.  Оқи отырыңыз: КешYou-дің бұрынғы әншісі кезінде топ қыздарына ұятсыз ұсыныстар түскенін айтты Нұржан Керменбаев “Қара бала” атауын брендке айналдырмақ (фото) Мінсіз отбасы: Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі мен ата-енесін мақтап әлек (фото) Меруерт Түсіпбаева: Күйеуге шығатын жігітті жасанды пәктікпен алдай салған дұрыс      
Талқылау