Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Бақаева “Айман-Шолпан” телехикаясында егіздің сыңарын сомдайды

“Көркемфильм” кинокомпаниясы “Айман-Шолпан” атты 100 бөлімнен тұратын телехикаяның түсірілім жұмыстарын бастады. Алматы қаласында түсіріліп жатқан туындыда егіз қыздардың бірін танымал актриса Салтанат Бақаева сомдайды.

image
Фото: instagram.com/saltanat_bakaeva/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды. Телехикая өмір жолында түрлі қиындыққа тап болған егіз апалы-сіңілінің өмірін баяндайды. Бойжеткендердің бірі бизнесменнің ерке қызы болса, енді бірі әр тиынын маңдай тері мен қара күшпен тапқан ару. “Біз таланттарды Қазақстанды аралап жүріп іздедік. Лондон мен Татарстаннан да қарадық. Виргиндік аралдан келген америкалық азаматтың өзі біздің фильмде ойнады! Иә, біз қалай табу керектігін білеміз. Ең күштілерін іздеп таптық. “Көркемфильм” киностудиясы “Айман-Шолпан” атты 100 бөлімнен тұратын отбасылық драма түсіріп жатыр. Асыға күтіп жүрген болсаңыз, жаңалықтарымызды жіті бақылап отырыңыздар”, - дейді картинаны түсіруші оператор Кирилл Монтана. 13256731_1576011712696328_65277268_n Картинаның қоюшы режиссерлері – Айбек Дайырбеков пен Ержан Рүстембеков. Түсірілім жұмыстары 4 ай уақытқа жалғаспақ. “Ал ендеше басталды, таяқ жерге тасталды. Өте қуаныштымын! Барымды саламын, көңілдеріңізден шығуға тырысамын! Бізге іске сәт. Жақсы туынды шығуына тілектеспін!” – дейді Салтанат Бақаева.
Кастинг директоры Аида Джанетова егіздердің рөліне Салтанат Бақаевадан бөлек 72 бойжеткеннің бағын сынап көргенін айтады. Десе де, Аида ханым егіздің сыңарын кім ойнайтынын құпия қалдырған. Әзірге фильмнің нақты қашан көрерменге жол тартатыны белгісіз.
Оқи отырыңыз: Салтанат Бақаева алаяқ бойжеткеннің құрбаны болды Салтанат Бақаева ағасының бәріне пайдасы тиер ақылымен бөлісті Енесі: Алғашында Салтанат тамақ пісіре алмаймын деп шошытты Салтанат Бақаева: Ата-енем барда жолдасым маған опасыздық жасамайды Салтанат Бақаева өзін алдап соққан бойжеткенді тапты
Талқылау