Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Айсұлу Әзімбаева сүйіктісіне опасыздық жасағанын ашық мойындады

Актриса Айсұлу Әзімбаеваның жеке өміріне қатысты ақпарат жоқтың қасы. Өнер иесі Жандос Айбасовпен айырылысқан соң жеке өміріне қатысты ақпараттарды құпияда ұстауды жөн көреді. Алайда жақында журналистерге берген сұхбатында Айсұлу бір құпияның шетін ашып қойды.

Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Актриса кезінде сүйіктісінен опасыздық көргенін ашық айтты. Алайда өзінің де күнәсіз екенін жасырмады.

“Опасыздықты көргенім рас. Бірақ мен де солай жасадым, бірақ әдейі емес. Білмеймін, жас кезде болады ғой. 18 жаста ешкімге ештеңе қарыз емеспін, біреудің жанын ауыртуға бола береді деп ойлайсың”, – дейді актриса.

Айсұлу кімге сатқындық жасағанын құпияда қалдырды. Алайда бүгінде ондай арсыздыққа бармайтынын атап өтті.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы “Хабар” арнасынан кетті

Мақпал Жүнісова: Азық-түлік қымбаттаса, халықтың айлығын да көтеру керек

Жұлдыз жұрттың мазасын қашырған жеке өмірі туралы айтты

Байқұс қазақ халқы: Жан Ахмадиев шахтерлер көтерілісін клипке арқау етті (видео)

Талқылау