Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік сүйіктісін жалаңаш суреттерімен бопсалап, суицидке дейін жеткізген

Ақтөбе тұрғыны өзінің бұрынғы қызын жартылай жалаңаш суреттерімен бопсалағаны үшін бірнеше бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр.

image

Бұл туралы Ақтөбе облысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алдымен бойжеткен өзінің жігітіне айырылысқысы келетіндігі туралы хат жазған. Бұл шешіммен келіспеген жігіт оған WhatsApp арқылы жартылай жалаңаш түскен суретін жіберіп, желіге жүктеймін деп қорқытқан. Мұны төсектес болып жүрген кезінде түсіріп алса керек. Өзінің жартылай жалаңаш суреттерін көрген бойжеткен дәрі ішіп, суицид жасамақ болады. Жедел жәрдем дер кезінде келіп, оны құтқарып қалады.

Ары қарай Жұмағұлов бойжеткенді сөйлесу үшін кездесуге шақырып, көлікте қамап ұстайды. Телефонын тартып алып, адам аяғы баспайтын жерге күштеп алып барады. Сол жерде оны аяусыз ұрып-соғып, басынан кірпішпен ұрады. Көлікке қайта отырғызып ұрлап бара жатқан жерінен Қарғалы облысы Қосетек елді-мекенінің полиция қызметкерлеріне ұсталады.

Сот шешімі бойынша, Жұмағұлов ҚР Қылмыстық кодексінің105-бап 1-бөлім (өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу), 107-бап, 1-бөлім (тәніне орта деңгейдегі жарақат салу), 125-бап 1-бөлім (адам ұрлау)  бойынша жауапкершілікке тартылды. Жұмағұлов осыған дейін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл жолы оны 7 жыл 6 айға соттады. Мұнымен қатар, ол жәбірленушіге 544 мың 950 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады.


Жіберіп алмаңыз:

Оңтүстік Қазақстанда әйелдер суициді көбейді

Қостанайда учаскелік полицей жас жігітті суицидтен құтқарды

Науруда құлдыққа тыйым салып, гомосексуалдық пен суицидке рұқсат берілді

Алматының полицейлері суицид жасаған жігітті жақындарына айтпастан жерлеп тастаған

Талқылау