Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ақтөбелік радикал кісі өлтіру намаз оқымаудан кішірек күнә деп насихат жүргізген

Фото: IStock.com

Ақтөбеде экстремистік идеяны насихаттаған ер адам 7 жылға қатаң режимдегі колонияға жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

50 жастағы ақтөбелік құрылысшы лаңкестік әрекетті насихаттады деген айыппен сотталды. Ол 2020 жылы экстремистік идеялар мен көзқарастарды сіңіріп, таныстарына терроризмді насихаттай бастады.

“Ол таныстарының бірін Ислам діні радикализмге негізделген және кей діни себептерге байланысты қарулы шабуылдар жасау керек деп адастырған (шын мәнінде Ислам оған шақырмайды). Кәпірлер, көпқұдайшылдармен және Аллаһқа сенбейтіндермен күресу керек деген. Сондай-ақ адам өлтіру намаз оқымағаннан кішірек күнә болып саналады және діни парыздарын орындамаған жағдайда физикалық жазаға тартылады деп уағыз айтқан”, – делінген айыптауда.



Тағы бір танысына ол Волгоградтағы колонияда болған оқиғаны есіне алды. Онда ДАИШ жақтастары бірнеше қызметкерді кепілге алып, біреуін өлтірген. Сол мысалды келтіре отырып, кәпірлерге зорлық-зомбылық жасап, әділдік үшін оларды құрбан ету керек деп түсіндірді.

Сотта ол өз кінәсін толық мойындап, қателескенін айтып, қатаң жазаламауды сұрады. Сот оны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Еске салсақ, 2016 жылы Ақтөбеде теракт жасалған еді. Теракт нәтижесінде 26 адам, оның ішінде төрт тұрғын, үш әскери және 18 экстремист көз жұмды. 38 адамға медициналық көмек көрсетілді, оның 20-сы ауруханада емделген. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 22 Сәуір, 2025 13:53
Талқылау