Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік келіншек күйеуін жан құрбысынан қызғанып жүр

28 жастағы үш баланың анасы өзінің күйеуін жан құрбысынан қызғанып жүр. Айтуынша, бұған себеп те жоқ емес. Үйлеріне жиі келетін құрбысы күйеуіне өзінің селфи суреттерін жіберген екен.

Depositphotos_9999572_l-2015

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Қызғаншақтықтың адам денсаулығына кері әсерін тигізетінін ағылшын ғалымдары дәлелдеп отыр. Мәселен, шектен тыс қызғаншақ жандарда бас ауруы, асқазан ауруы және де ұйқысыздық жиі мазалайды екен. Ал неміс ғалымдары жер бетіндегі халықтың 95℅-ында қызғаныш сезімінің бар екенін айтып отыр. Осы көптің қатарында 28 жастағы ақтөбелік келіншек те бар. Ол өзінің күйеуін құрбысынан қызғанып жүр екен.

«Соңғы жарты жылда жиі байқаймын құрбым үйге көп келетін болды. Өзі тұрмысқа шықпаған. Бала күнімізден бірге оқыдық. Жатақханада да бірге тұрдық. Әртүрлі себеп тауып, сыланып-сипанып, күйеуім бар кезде келіп кетеді. Қазір ол маған жат адам сияқты. Менің бұрынғы құрбыма мүлдем ұқсамайды. Мұнымен қатар, күйеуімнің де бойынан өзгерістер байқадым. Маған бұрынғыдай ешнәрсені ашып айтпайды. Ал құрбым келсе болды, жадырап, күліп шыға келеді. Менімен олай сөйлеспейтін сияқты.

Мұны жай күдік деп те айта алмаймын. Себебі, бір күні күйеуімнің телефонынан әлгі құрбым екеуі жазысқан хатты көріп қалдым. Құрбым оған өзінің селфи суреттерін жіберген екен. Соның барлығын көріп қызғанышым үдей түсті. Бірақ әлі күнге дейін батып ешнәрсе сұрай алмай жүрмін. Енемізбен бірге тұратындықтан, жанжал шығаруға ұяламын. Бірақ құрбым кете салысымен күйеуім екеуіміз ұрысамыз. Құрбыма осының барлығын ымдап түсіндіруге тырысамын. Алайда ол мән бермейді. Сіздерге көмек сұрауға келіп отырмын. Мұндай жағдайда не істеуге болады?», – дейді келіншек.

Психолог Венера Тельжан кейіпкердің қандай типтегі адам екенін анықтады. Мұнымен қатар, ол осы тұста қызғанышқа себеп бар екенін айтып өтті. Тезірек әрекет жасауға кеңес берді.

«Бұл кейіпкермен алдын ала сөйлесіп, психо-эмоционалдық жағдайын көргім келіп еді. Сөйлесу барысында сенсетивті типтегі адам екені көрініп тұр. Бұл адам құрбысының қалай келгенін, қалай боянғанын, қалай қарағанын, сөйлеген сөзіне дейін барлығын жаттап алады да, ой санасына сіңдіріп, күні бойы жылдар бойы өзін жей бастайды. Өкінішке орай, мұндай адамдар өзінің денсаулығына қауіп төндіреді. Бұлай тып-тыныш отырғаныңыз дұрыс емес. Бұл туралы ашық түрде күйеуіңізбен сөйлесуіңіз керек. «Бұл менің құрбым болса да, мен күдіктеніп жүрмін» деп ашып айтқаныңыз дұрыс. Ер адам кейде бала секілді болып кетеді. Оған кәдімгідей жағдайды айту керек. Айтпаса ол білмей өтуі мүмкін. Бұл жерде құрбысына от, энергия керек болып тұр. Осы энергияны қайдан табатынын білмей, осы отбасыға қарай кішкене қызығушлық танытып отыр. Ол үшін бұл ойын болуы мүмкін. Оның арты отқа айналуы да ғажап емес. Мұны жай қалдыруға болмайды. Отбасыңызды, өзіңізді қорғау мақсатында әрекеттер жасап көріңіз», – дейді Венера ханым.

Десе де, ақтөбелік келіншек өзінің күдігі туралы күйеуіне айтып көруге тырысқан екен. Ал ол өз кезегінде әлгі қызға өмірлік жар іздеп жүргенін айтып ақталған.

«Бұл туралы күйеуіме айтып көрдім. Айтқан сайын керісінше дау шығады. Қызғануыңа не себеп болып жатыр дегендей. Жаңағыдай суреттерден кейін кім болса да қызғанады деп ойлаймын. Жұмыста бір жігітпен таныстырайын деп суретін сұрадым деп айтты. Бұл туралы құрбымнан сұраған кезде ол сасқалақтап қалды. Мардымсыз жауап берді. Екеуінің жауабы өзара сәйкес келмеді. Соған байланысты да күдіктеніп қалдым», – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әйел енесінің туған ұлын құлдыққа сатып жібергенін айтты

Әйелі сотталған қазақстандық азамат қызын тастап, көлікті алып қашқан

Күйеуінен күдіктенген әйел оның қалтасына мүшеқап салып беріп жүр

Қазақ жігіті салақ әйеліне үй шаруасын үйрете алмағанын айтып налыды

Талқылау