Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік кәсіпкер жетім өскен жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

Ақтөбелік кәсіпкер Шамиль Каспранов балалар үйінің тәрбиеленушісі Ирина Кудринаға баспана тарту етті, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170607152135_IMG_4431 (1)

Ирина Кудрина 5 жасынан бастап “Алға” балалар үйінде тәрбиеленген. Ирина ата-анасының кім екенін білмейді. Балалар үйінде жүріп қазақ тілін меңгерген. Қазір орыс, қазақ тілдерінде еркін сөйлейді.

Балалар үйінің түлегі Ирина  Ақтөбеде университетке түсіп, тарих факультетінде оқыған. Қазір 3 жастағы қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. 7 жылдан бері пәтер кезегінде тұр.

Ирина өзіне үй сыйлаған кәсіпкерді оған дейін танымаған. «Мейірім» әлеуметтік үйінің ашылуына Иринаны арнайы шақырып, сол жерде пәтер кілтін табыстады. Күтпеген жерден баспаналы болған ананың қуанышында шек жоқ.

««Алға» балалар үйінің директоры Кенжеғазы Байғазинге, Жасөспірімдер үйінің директоры Жанна Дүйсенбинаға алғыс айтамын. Ол адамдар бізді тәрбиеледі, қиын кезде ақыл-кеңестерін берді, жанымызға жұбаныш болды. Мен туралы түрлі ой айтып, пәтер алғаным үшін жазғырып, ұрысып жатыр. Бірақ олар жетім болудың, ата-анасыз өмір сүрудің, әр күні күресудің, мойымай алға ұмтылудың не екенін білмейтін адамдар деп ойлаймын. Мені ешкім кінәлап, жазғырмаса екен. Шамиль Каспранов екі адамды баспаналы етті. Мен және менің балам бақыттымыз»,- деді ол.

Тағы да оқыңыз:

Тасмағамбетовтің қызы Ақтөбеде жетім балаларға тұрғын үй салып берді (фото)

Жазушы телевизиядағы сауатсыз қазақ журналистерді сынай отырып басшыларға назын айтты

Димаштың қытайлық жанкүйерлері Ақтөбеге баруға дайындалып жатыр

Тұрсынбектің әйелі президент ішкен суды ішіп алды

Талқылау