Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік қария өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

Ақтөбе облысы, Алға ауданының тұрғыны Дариға Салмағамбетова қаңғыбастар үйінде тұрып жатыр.

Ол құжат бойынша қайтыс болған адамдардың тізіміне еніп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің Алға ауданынан облыс орталығына келген Дариға Салмағамбетова қазір белгілі тұрағы жоқ және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Ол туған ұлының үйінен кетіп қалып, кейін бейтаныс адамның шаңырағына барған.

Өзіне жат адамның қас-қабағына қараған қария бейімдеу орталығын ең қолайлы жер деп отыр. «Ұлыммен бірге тұрдым. Кейін балам белгісіз жаққа кетіп қалып, келінімнің жанында болдым. Баламның қайда жүргенін, бар немесе жоқ екенін білмеймін.

Ал келінім маған үйден шық деп айтып, маза бермеді. Мен жағдайымды айтып, ауыл әкімінен көмек сұрадым. Олар ауылдан бір адамды тауып берді.

Сол үйде тұрып, зейнетақымды бердім. Бірақ олар тамақ бермей, аш қалдым. Ұрды, қорқытты. Содан дейін кетіп қалдым»,- деді Дариға Салмағамбетова.

Қария 79 жаста. Ол тамыз айынан бері қаңғыбастарға арналған орталықта тұрып жатыр. Әр жерге көшіп, жан бағып жүрген кезде Дариға Салмағамбетова тірі адамдар қатарынан жойылып, өлілер қатарына қосылған. Құжатты қайта жасатып, өзінің тірі екенін дәлелдеу қиынға соғып тұр.

«Жеке куәлігі бар, зейнетақы алып отырған қария бір күнде өлі адамдардың тізіміне алынды. Бейімдеу орталығына келген соң Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, тіркеуге алуды жөн көрген едік. Сол кезде оның қайтыс болған адамдар тізіміне еніп кеткенін білдік.

Қазір құжаттары қайта жасалып жатыр»,- деді бейімдеу орталығының маманы Райса Дармышева. Айта кетейік, Халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттар қайта қалпына келтіріліп жатыр.

Мамандардың айтуынша, 2011 жылы мәліметтер базасы қайта жасалып, ауылдық округтің анықтамасы бойынша Дариға Салмағамбетова қайтыс болғандар тізіміне еніп кеткен. Себебі, қарияның жеке куәлігінде ЖСН болмаған.

Ал ол куәліктер қазір жарамсыз. Қателік ауылдық әкімдіктен кетті. Олар қария туралы адамдардан сұрап, таппаған соң қайтыс болғаны туралы анықтама беріп жіберген.

Кейін анықталмалық аудандық ішкі істер бөліміне берілді. Дариға Салмағамбетова өзінің тілі екенін дәлелдеу үшін алдымен қайтыс болғаны туралы акті алады.

Кейін неліктен мекенжайы бойынша тұрмайтыны туралы түсініктеме жазады. Жеке куәліктің көшірмесе де қажет. Ал ХҚКО екі күнде құжатын қайта жасап, мәліметтер базасын жаңартады.

Оқи отырыңыз:

Жұлдыз жұрттың мазасын қашырған жеке өмірі туралы айтты

Түрмеде Ермегияевқа жағдай жасап берген басшылар жаппай қызметтен қуылды

Астана әуежайындағы тұрақтан қымбат көлігі ұрланған кәсіпкер полицейлердің сылбырлығына ашулы

Алматы облысында бала-шағасын тірідей өртеген азамат жайлы көршілері айтып берді

 

Талқылау