Ақтөбелік ер адам өзінің нашар күйеу екенін айтқан көрші әйелді пышақтап өлтірді
Ақтөбе тұрғыны өзін жаман күйеу болғанын айтқаны үшін көрші әйелді пышақтап өлтірді.
Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.
27 жастағы ақтөбелік ер адам көрші әйелмен бірге ішімдік ішкен. Осы кезде ер адам әйелінің одан кетіп қалғанын айтып шағымданған. Сонда көршісі әйелінің оның нашар күйеу болғаны үшін, оны асырай алмағаны үшін кетіп қалғанын, одан жақсы күйеу тапқанын айтады. Осыдан соң арада жанжал туындап, ер адам әйелдің тамағынан пышақпен осып жібереді. Кейін мәйітті көрпе астына жасырып, түн уағында көршісінің ауласына апарып тастайды.
Күдіктіні екі күннен соң қолға түсірді. Ол қазір қамауда.
Дмитрий Матвеев
Жіберіп алмаңыз:
Каскадер рекорд жасау үшін бірнеше рет өзін өртеген (видео)
Астанада “қытайларға жер сату” дауы бойынша Бердібек Сапарбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр
Талқылау