Ақтөбелік колледжде бір топта оқитын студенттер өз еркімен әскерге аттанды

Фото: Iinstagram.com/zhaisankolledzh
Шымкентте әскерден жалтарғандарды көшеден ұстап жатқанда, Ақтөбе облысының Жайсан ауылындағы бір топ колледж студенттері топ болып Отан алдындағы борышын өтеуге ерікті түрде аттанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресей шекарасына жақын орналасқан Жайсаң ауылындағы көпсалалы колледждің студенттері өз еркімен әскерге аттанды. Бұл Жайсаң көпсалалы колледжінде негізінен жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалар еңбекке бағытталған мамандықтар бойынша оқиды.
Колледж әкімшілігі жастардың әскерге өз еркімен бару туралы шешімін "оқуын аяқтамастан, кейінге шегеру мүмкіндігі бола тұра, саналы түрде және ерлікпен қабылданған шешім" деп бағалады.
"Мұндай әрекет – өз еліне деген терең құрмет пен оны қорғауға дайын екенін көрсетеді. Бұл – нағыз құрметке лайық қадам. Нағыз азамат, жауапкершілікке және қызметке дайын ұлдар тәрбиелегені үшін студенттердің ата-аналарына алғыс", – деп мәлімдеді колледж әкімшілігі.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"