Қазақстандық әйел гүл жеткізу қызметінің жалған курьеріне алданып, 7,5 миллион теңгесінен айырылды

Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғыны гүл жеткізу қызметінің жалған курьеріне алданып, 7,5 миллион теңгесінен айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтөбе тұрғыны мерекелер қарсаңында телефон алаяқтарының құрбаны болды. 26 жастағы қызға WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, әңгімелесуші өзін гүл жеткізу қызметінің курьері деп таныстырған. Алаяқ қыздан тапсырысты растау үшін телефонына келген кодты айтуын сұраған.
Арада біраз уақыт өткеннен кейін қызға тағы бір белгісіз абонент хабарласып, өзін банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері деп таныстырған. Ер адам бұрын айтылған кодтың алаяқтардың қолына түскенін айтып, қазір қыздың атына несие рәсімделіп жатқанын мәлімдеген. “Ақшаны сақтау” үшін алаяқ қызды дереу бар қаражатын “қауіпсіз шотқа” аударуға көндірген.
Өздерін салық қызметкері деп таныстырған алаяқтар қазақстандық зейнеткерді сан соқтырды
Шымкентте үлгерімі төмен студенттер TikTok-тағы алаяқтықтың құрбаны болды
“Алаяқтарға сеніп, олардың барлық нұсқауларын орындаған қыз 7,5 миллион теңгені алаяқтарға аударып жіберген. Қазір осы дерек бойынша күдіктілерді анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде. Сақ болыңыздар және туыстарыңызды, әсіресе қарт жақындарыңызды, осындай алдау жағдайларынан хабардар етіңіздер”, – делінген полиция хабарламасында.
Полиция қызметкерлері SMS және push-хабарламалардағы кодтарды ешқашан бөтен адамдарға айтуға болмайтынын, банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаражатты "қауіпсіз шотқа" аударуды талап етпейтінін атап өтті. Осындай қоңыраулар түскен жағдайда сөйлесуді дереу тоқтатып, банктің ресми нөмірі арқылы өзіңіз қайта қоңырау шалуыңыз қажет.
Еске салсақ, бұған дейін полиция қазақстандықтар 8 наурызда жаппай алаяқтарға алданатынын айтып, ескерту жасаған еді.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?