Ақтөбелік ата-ана: Қыздарымның басы биттеп кеткен соң орамал тақтық, қажет болса бүгін-ақ шешіп тастаймыз
Ақтөбеде 8 баланың әкесі Марат Сәдуов мектепке орамал тағып келетін төрт қызының орамалын шешуге уәде берді.
№60 мектепте өткен жиында балалардың әкесі қыздарының басында ешқандай жара болмағанын жеткізді. Айтуынша, бит деп айтуға ұялғаннан жара деуге тура келген, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
«Қызымның басындағы орамалы шешіледі. Біз заңға, үкіметке бағынамыз. Қыздарымның басы биттеп кетті. Бастарын қаси бергеннен кейін алып тастадық. Ол кеше оқу жылының басында болған жағдай емес. Жаз кезінде балалардың шашын алдырттым. Орамал деп айта берудің керегі жоқ. Барлық мәселе бір жапырақ орамалда тұрса, бүгін-ақ шешіп тастаймыз», — дейді Марат Сәдуов.
«Қыздардың басында жара жоқ. Тек биттеп кеткен болатын. Неге оған тіреліп отырсыздар? Қажет десеңіздер төртеуін де қазір әкеліп орамалдарын осы жерде шешкіземін», — деді Марат Сәдуов.
Мектеп директоры ашуға берілген балалардың әкесін сабырға шақырды. Қатарластарының алдында балалардың қысылып қалмауын ескертіп 1 қаңтарға дейін орамалмен келуге рұқсат берді.
Тағы да оқыңыз:
Алматы облысында әскери борышын бар жоғы үш күн өтеген сарбаз аяқ-асты қаза болды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаевқа хат жазды