Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі теракт кезінде қорқақтық танытқан офицерлер ақыры сотталды

Ұлттық гвардия офицерлері террористердің шабуылына қарсылық көрсетудің орнына, қызмет орнынан қашып кеткені үшін айыпталды.

1398365

Фото: Антон Пережогин

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Ақтөбедегі 6655 әскери бөлімшесінің майорлары Қайнарбек Тастанбеков пен Қайырғали Оразжанов 5 маусымдағы террористтер шабуылы кезінде жарғылық қағидаларды бұзғаны үшін айыпты деп танылды.

Сот үкімі офицерлер қызмет еткен әскери бөлімше аумағында оқылды. Мемлекеттік айыптаушы мәлімдегендей, офицерлер террористтер шабуылы кезінде қызмет орнынан қашып кеткен.

Олар ҚР ҚК 447 бабы “Iшкi қызмет атқарудың немесе гарнизонда патруль болудың жарғылық қағидаларын бұзу” бойынша айыпталды. Майор Тастанбеков кінәсін мойындамады, ал майор Оразжанов, керісінше, айыбын мойындап, соңғы сөзіне жасаған ісі үшін кешірім сұрады. Сот Тастанбековты 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, Оразжановты – 3 жыл 6 айға. Екеуі де жаза мерзімін жалпы тәртіпті колонияда өтейді. Сот оларды офицерлік шеннен айырды.

Жіберіп алмаңыз:

Жүкті қазақ әйелдерінің жартылай жалаңаш суреттері желідегілерді ашуландырды (фото)

Атырау облысында әйел өзін ұрып ауруханадан бір-ақ шығарған келініне кешірім берді

ШҚО-да анасына хабарласып өзінің адасып кеткенін айтқан мүгедек жігіт сол күйі табылмаған

Талқылау