Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі оқиғада қаза тапқан сарбаздың отбасына баспана берілді (фото)

ОҚО басшысы Бейбіт Атамқұлов Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан ҚР Ұлттық Гвардиясының сарбазы Досбол Сапардың отбасына Шардара қаласынан 4 бөлмелі жеке тұрғын үйдің кілтін табыс етті.

досбол2

Бұл баспананы марқұм Досболдың шаңырағы деп білетінін жеткізген облыс әкімі осындай отаншыл ұлды дүниеге әкелген оның ата-анасына алғысын білдірді.

досбол3

Бұл рәсімге сонымен қатар, ОҚО ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Оспанов, ОҚО ІІД ЖПҚ-нің бастығы, полиция полковнигі Абылаев және Досбол Сапардың бауырлары мен туыстары, ішкі істер департаментінің жеке құрамы мен БАҚ өкілдері қатысты, – деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

досбол1

Облыстық ішкі істер департаменті мен жерлігікті полиция қызметкерлерінің бір күндік жалақысына алынып, марқұм Досболдың отбасына берілген жаңа үйдің ауданы 138 шаршы метрді құраса, қосымша шаруашылық алаңшасы 108 шаршы метр. Одан бөлек, ортақ қаржыдан отбасы мүшелері үшін ірі қара мен ұсақ малдар және тұрмыстық техникалар, компьютер мен қажетті жиһаздар алып берілді.
Досбол
Естеріңізге салсақ, 1997 жылы туылған Шардара ауданы Көксу ауылының тұрғыны ҚР Ұлттық Гвардиясының сарбазы Досбол Сапар Еркінбекұлы 2016 жылдың 5 маусым күні Ақтөбедегі №6655 әскери бөліміне жасалған қарулы шабуылдан қаза тапқан болатын.

 

Талқылау