Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі кепілге алу оқиғасы: Жалғыз тірі қалған адам үйіне шығарылды

Ақтөбеде кепілге алынып, аман қалған 40 жастағы әйел ауруханадан шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы әйелдің жағдайы тұрақталғанын жеткізді.

"Жалпы жағдай мен денсаулық көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты науқас нұсқаулықтармен үйге шығарылды. Тіркелген жері бойынша емханада одан әрі бақылауда болады", – делінген хабарламада.



Еске салсақ, Ақтөбеде ер адам бір отбасыны кепілге алған еді. Полиция үш сағаттық келіссөзден кейін ғана үйге басып кіріп, күдіктіні ұстады. Оқиға болған жерді тексеру барысында сарайдағы жертөледен жәбірленушінің 74 жастағы өгей әкесі мен 66 жастағы анасы табылды. Қарт кісілердің бірі тасымалдау кезінде, екіншісі ота үстелінде көз жұмды. Оқиғаға қатысты полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабы “Кісі өлтіру” және 261-бап “Адамды кепiлге алу” бойынша іс қозғады.

Талқылау