Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі дағдарыс орталығы бір күн де жұмыс істемей жабылып қалды

Ақтөбе қаласында жаңадан ашылған дағдарыс орталығының “ғұмыры” ұзақ болмады. Бір күн де жұмыс істемей жатып қайта жабылып қалды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған орталықты ашу үшін меценат Асқарбек Мамырбаев 300 млн теңгесін жұмсаған болатын. Жоспар бойынша, осы дағдарыс орталығында 130 адам түрлі әлеуметтік, құқықтық көмек алып, жұмыспен қамтылуы тиіс еді. Мұнымен қатар, балалар ойнайтын алаңдар мен тамақ ішетін орындар да қарастырылған. Тіпті, ашылу салтанаты да болған орталық әлі күнге дейін жұмыс істемей тұр.

“Дағдарыс орталығы белгілі бір қиындықтарға байланысты ашылмай қалды. Сол себепті, аталған орталықтың жұмысын біржолата тоқтаттық”, – дейді Асқарбек Мамырбаев.

Естеріңізге сала кетсек, бұл орталық 2016 жылдың желтоқсан айында ресми түрде ашылған. Алдын ала күйеуінен зәбір көрген, шаршап-шалдыққан әйелдер мен балаларға пана болатын орталықта терапевт, психологтар жұмыс істейді деп жоспарланды.


Жіберіп алмаңыз:

Тілешов латынша таңбалаудың үшінші нұсқасы неге алынбағанын түсіндірді

Жамбыл облысындағы ауылға президент анасының есімі берілді

ОҚО-да ауданға танымал бұзақы оқушыларды сабақтан ұрлап әкетіп, жер қаздырып қойған

Қатерлі дерттен көз жұмған астаналық келіншектің өмір үшін күресі ел есінде мәңгі қалды

Талқылау