Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі анасы мен баласының өлімі: Қанды қылмысқа қатысты жаңа деректер айтылды

Ақтөбеде 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлының өліміне қатысты жаңа деректер айтылды. Қазір тірі қалған 13 жастағы қыз есін жиған, ал көршілері қылмыс болған күні күдікті ештеңе байқамағанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 

Сурет: “Диапазон” басылымынан

Полиция тергеу барысы туралы да, күдіктілер жайлы да ақпарат бермеген. Гетиндер отбасы Жеңіс даңғылындағы үш қабатты үйде тұрған. Екатерина кафеде әкімші болып жұмыс істепті. Ал Вадим колледжде, София №16 мектепте 6-сыныпта оқыған. Көршілері мен мұғалімдер де отбасыда жанжал болмағанын айтады. 

Полицияға қылмыс туралы ақпарат таңғы 05:30-де түскен. Көршілерінің айтуынша, 13 жастағы София полицияға хабар берген екен. Өзі де мойнынан пышақ жарақатын алып, шұғыл ота жасалды. 

"Қыздың жағдай орташа ауырлық деңгейінде, қайғыру сезімі жоқ. Есін жиған, салалық бөлімге ауыстырады", – деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов. 

Мектеп әкімшілігі де Гетиндер отбасы жайлы оң пікір білдірген. 

"Софияның сынып жетекшісі отбасының жағдайын тексеру үшін жиі баратын және тек оң пікір айтатын. Олар біздің мектепте 1-сыныптан оқиды. Вадим екі сынып оқып, колледжге кетті. София – байсалды қыз. Сыныпта достары көп, барлығы жақсы оқиды. Бұл жаңалықты естігенде таңғалдық. Қазір қыздың сыныптастарымен психологтар жұмыс істейді, ал біз оқушылармен әңгіме жүргізіп келеміз", – деді директор Эльвира Ғалымова. 

Қанды оқиғадан бірнеше күн бұрын Софияның әкесі өзіне қол салған екен. Гетиндердің туыстары қыздың соңғы уақытта ешкіммен араласпағанын мәлімдеді. Қазір Софияның Бекқұл бала ауылында тұратын әжесі ғана бар. 

"София жазылып келе жатыр, алдағы уақытта ауылға алып кетемін. Анасы мен ағасын жерлеуге көп адам келді. Мектептен, колледжден келіп көңіл айтты", – деді әжесі. 

Көршілері мұндай іске кімнің барғанын білмейді. Сөздерінше, қылмыскер үйге балкон арқылы кіруі мүмкін. Себебі пәтер екінші қабатта екен. 

"Марқұмдармен көрші тұрдым, асүйімнің терезесі балкондарының жанында. Сол күні ұйықтамадым, асүйде отырғанмын, терезе де ашық болды. Бірақ ештеңе естіген жоқпын. Көршілердің камерасына велосипедпен кетіп бара жатқан адам түсіп қалғанын білемін. Күдік жоқ, себебі отбасы тыныш және жанжалға түспейтін", – деді Екатеринаның көршісі. 

Еске салайық, Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен анасы мен ұлының мәйіті табылғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау