Ақтөбеде жолға шығып кеткен үш жасар қыздың ата-анасы жазаланды
Фото: Видеодан скрин
Желіде таған видеодан бүлдіршіннің жолға екі рет шығып кеткенін анық көруге болады. Абырой болғанда, бала аман-есен. Кейін полиция бүлдіршіннің жеке басын анықтап, ата-анасын тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көліктердің бейнебақылау камераларына түскен кадрларда кішкентай қыздың үлкен көшеге шығып, көліктерге қарсы беттеп келе жатқаны анық көрінеді. Алайда жолда келе жатқан бірнеше жүргізуші дереу әрекет етіп, көліктерін тоқтатып, баланы қоршап, ішінен біреуін қауіпсіз жерге алып шыққан.
Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Оқиға болған сәтте әкесі жұмыста, анасы іс-шарада болған. Балалар қараусыз қалған", – деп мәлімдеді ол.
Ата-аналардың кім екені анықталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" әкімшілік хаттама толтырылды. Олар 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (39 320 теңге) айыппұл салуға алып келеді. Ал егер бір жылда жағдай қайталанса, 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (58 980 теңге) айыппұл салуға не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады.
Мейрамханада 6 жасар баланы ұрған ер адам тағылған айыпты мойындаудан бас тартты
Семейдегі оқушының аяусыз соққыға жығылуы: Жасөспірімдердің ата-аналары ата-ана құқығынан айырылды
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде ата-анасының қарауынсыз қалған шамамен үш жасар қыз көліктер жиі жүретін жолға шығып кетті. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп, әлеуметтік желіде тарап кетті. Жүргізушілер жедел әрекет етіп, баланы аман алып қалды. Оқиға Некрасов көшесінде болған. Бүлдіршін екі рет жолға шығып кеткені кадрдан анық көрінеді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жағдайды растады және ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне жауапты екендерін еске салды.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
