Ақтөбеде тұрғын пранк құрбаны болған жігітті есірткі тасымалдаушы деп ойлап ұрып тастаған
Фото: freepik.com
Ақтөбеде пранк құрбаны болған жігітті қала тұрғыны “есірткі тасымалдаушы” деп ойлап ұрып тастаған. Ал негізінде ол жерден достары жасырған пәтер кілтін іздеп жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
21 жастағы Ақтөбе тұрғыны түнде достарымен бірге қаланың орталығында серуендеп жүрген кезде, жерден бірдеңе іздеп жатқан бейтаныс адамды байқайды. Оның қолында фонарик болған және ол аумақтан бір нәрсені қызу іздеп жүрген. Кейін тұрғын бейтаныс жігітке жүгіріп барып, оны соққының астына алған.
Ал оның достары араша түспей, тек сырттай бақылап тұрған. Салдарынан жәбірленушіге жабық бас-ми жарақаты мен ми шайқалу диагноздары қойылған.
Сотта айыпталушы жәбірленушіден кешірім сұрап, оны түн ішінде жерді қазып жүргендіктен "закладчик" не соның клиенті екен деп ойлағанын айтты.
-
Алматыда көше тазалаушы әйелді жылатқан блогер 10 күнге қамалды
-
Қытайда пранк түсірген қазақстандық блогер көпшіліктен кешірім сұрады
Зардап шеккен адам, шын мәнінде, жерге жасырылған пәтер кілтін іздеп жүрген. Оны достары әзіл ретінде тығып қойған екен.
Сот айыпталушыны бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Бұған дейін тонау бойынша да сотталғанын ескере отырып, оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Жүректен төмен қарай денесін сезбейді": АҚШ-тағы жарыстардың бірінде қазақстандық дзюдошы ауыр жарақат алды
