Ақтөбеде туған немересі ұрып-соғып жарақаттаған кейуананың жағдайы әлі де ауыр
Фото: Видеодан скрин
Ақтөбеде туған немересі ұрып-соққан 71 жастағы зейнеткердің жағдайы әлі де ауыр. Кейуананың қабырғасы сынып, дене мүшесі пышақпен тілгіленген, Онымен қоса ол психологиялық соққы алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Күйзеліске түскен 71 жастағы қарияға қазір мамандар көмек көрсетіп жатыр. Оған арнайы емнен бөлек, күйзеліске қарсы препараттар тағайындалыпты. Ал өз анасын өлтіріп, әжесін жарақаттады деп күдікке ілінген оқушыны ұстаздары үлгілі оқушы болды дейді.
“Көптеген кесіліп-тесілген жарақат бар. Иық, қол, аяқ, сан аймағында бірнеше рет кесіп тесілген жарақаттар болды. Травматикалық шок алған. Қабырғалары сынған. Сол кезде барлық шұғыл диагностикалық шаралар жүргізілді”, – деді Ақтөбе қалалық көпсалалы ауруханасының бас дәрігері Қадірбек Иманбаев.
Ал қарияның көршілері болған жайтқа әлі сене алар емес. Айтуларынша, қамауға алынған 11-сыныптың оқушысы оғаш мінезін ешқашан көрсетпеген. Үлгілі, тәртіпті бала болған. Үйдің үлкені артындағы екі бауырына да қамқор болған екен.
"Ол күнді есіне алғысы келмейді": Ақтөбеде немересі пышақтаған әженің жағдайы белгілі болды
Жамбыл облысында дүкен иесі балаларды ұрып-соғып жәрдемақыларын тартып алғаны үшін сотталды
“Ешқандай айқай естілген жоқй. Күбірлеген ер адамның даусы шықты. Полиция екен келіп тұрған. Араласып жүрген көрші. Балаларының да ондай қылықтарын көрген жоқпыз. Сөмкемізді ұстап, жүгіріп, көтерісіп жүреді. Бұлар Алғадан көшіп келген. Балаларын оқытуға келген. Әкесі такси жүргізушісі”, – дейді көршісі Сұлушаш Жұмабаева.
16 жастағы күдікті дәл осы жекеменшік мектепте оқыған екен. Білім ошағының басшысы оқушының білімі мен тәртібіне қатысты ешқандай шағым түспегенін айтады.
“Баланың тәртібі өте жақсы. Ешқандай шағым жоқ. Оқу үлгерімінде мәселе жоқ. Мұғалімдерден де кері байланыстар болып жатыр. Ата-анасы толық отбасынан шыққан. Енді бұл жағдайға өкініш білдіреміз. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр”, – деді жекеменшік мектептің директоры Сүндетбек Қалдыбекұлы.
41 жастағы анасын пышақтап өлтірді деген күдікті әлі тергеліп жатыр. Оның қолына суық қару алып, туған шешесі мен әжесіне не себепті шабуыл жасағаны әзірге белгісіз. Болжам бойынша оқушының қанды қылмысқа баруына анасының ұялы телефонын алып, бермей қоюы себеп болуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтіріп, әжесін пышақтады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады