Ақтөбеде танымал тележүргізуші Айзат Әбдісамат көз жұмған лифтіден қандай ақау кеткені белгілі болды
Ақтөбеде 28 жастағы танымал тележүргізуші Айзат Әбдісамат қайтыс болған лифтідегі ақаулар туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Дастан Аманов мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат-қа сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ақтөбеде лифтіге жаншылып көз жұмған тележүргізушінің өліміне қатысты тексеру жүргізген сарапшылар техникалық бақылаудың нәтижесін жариялады.
«Әрбір лифт бірнеше дәрежедегі қорғауға ие. Онда механикалық және автоматты қорғаныс бар. Лифтте адам саны көп болғанда және есігі ашық тұрған жағдайда жүрмеуі керек. Бұл жағдайда лифтінің автоматтандырылған қондырығысы істемей қалған. Жеделсаты жөнделмейтін жағдайда болды. Қазір құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізуде», – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Дастан Аманов.
Оның айтуынша, 28 жастағы Айзат Әбдісамат кірмек болған лифтінің автоматтандырылған қондырығысы істемей қалған. Соның кесірінен шахтаның есігі жабылмастан лифті қозғалып кеткен. Соның салдарынан лифті мен шахта қабырғасының арасына кептетіліп қалған тележүргізуші қаршадай қызының көз алдында сол жерде жан тапсырды. Қазір қайғылы оқиғаға қатысты тергеу толық аяқталған жоқ. Сондықтан кімнің жауапқа тартылатыны әзірге белгісіз.
Оқи отырыңыз:
«Street Workout KZ» челленджі: Мөлдір Әуелбекова келесі эстафетаны Бауыржан Байбекке жолдады (видео)
Петропавлда кафедегі төбелестен кейін 22 жастағы жігіт көз жұмды
Астанадағы батут оқиғасы: Дәрігерлер жансақтау бөлімінде жатқан қыздың жағдайы туралы айтты
Оралда екі қабатты үй өртеніп, тұрғындар терезеден секіріп аман қалды