Ақтөбе соты жол белгілерін қою кезінде 35 миллион жымқырды деген директорға үкім шығарды
Фото: avtoshkola.msk.ru
Ақтөбе №2 соты "Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Тілмағамбетовке қатысты 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұрынғы директор жеке кәсіпкер А.Кусумовпен келісе отырып, жалған мемлекеттік сатып алу шартын жасасу және жол белгілерін қою бойынша көрінеу орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу арқылы 35 миллион теңге иемденгені анықталды. Бұл ретте заңнама талаптарын бұза отырып, жұмыстарды сатып алу бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған.
Бұдан басқа Тілмағамбетов мердігер ұйымдармен өздерінің кепілдік міндеттемелері шеңберінде орындалуға тиіс жол таңбаларын салу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу арқылы 237 миллион теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жұмсаған.
Сот шешімімен Тілмағамбетовке 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін өзі басқару органдарында қызмет ету құқығынан айырылды.
Сол үкіммен оның сыбайласы Кусумов коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Алматы облысы Іле ауданының экс-әкіміне жеті бап бойынша іс қозғалды
Еске салайық, бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қызметтерді көрсетуді дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру департаментінің бұрынғы басшысы Бауыржан Айымбетов ұсталғанын жаздық. Мәслихаттың бұрынғы депутаты Бекет Әбішев те күдікті.

"Саусақтары күйіп, денесі құрысып қалды": Талдықорғанда Kaspi терминалын ұстаған баланы тоқ соқты (видео)
