Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда сержант сарбаздарды ұрып-соғып, темекі тұқылын жеуге мәжбүрлеген

Ақтөбе соты қызмет бабын асыра пайдаланған әскери қызметкерді 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay

Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінің 3 санаттағы сержант шеніндегі 42 жастағы взвод командирі қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталды. Оның соты Ақтөбе гарнизоны әскери сотында өтті.

Айыптау қорытындысы бойынша, сержант Керімов медициналық рота аумағын тазалау кезінде жерден темекі тұқылын тауып алған. Ол екі әскерді шақырып алып, темекі тұқылын жеуді бұйырған. 

Олар командирдің заңсыз бұйрығына бағынып, темекі тұқылын жеген. Біраз уақыттан кейін бірі сэндвичтен  уланғанын айтып, медициналық орталыққа шағымданған.

Ал бір күннен кейін жатын бөлмесіндегі тәртіпсіздікке наразы болған сержант Керімов баяғы екі қатардағы жауынгерді өзіне қайта шақырған. Олардың біреуін бірнеше рет тепкілеп, "еңкейіп тұруға" мәжбүрлеп, аяғынан, жамбасынан және иығынан ұра бастаған.

Билігін асыра пайдаланды деп айыпталған азамат сотта кінәсін мойындамады. Сержант ешкімді темекі тұқылын жеуге мәжбүрлемегенін, ешкімді ұрмағанын, жай ғана тәртіпсіздік үшін қатардағыларға сөгіс бергенін айтты. Командир куәгерлер болғанын, олар туралы әскери полиция өкіліне жауап алу кезінде айтқанын, бірақ оны елеусіз қалдырғанын жеткізді. 



Сот отырысында сарбаз сержанттың оларды темекі тұқылын жеуге мәжбүрлеп, соққыға жыққанын айтты. Ол әкесіне көгерген және сыдырылған жерлерінің фотосуреттерін жіберген. Қатардағы жауынгер өліп немесе мүгедек болып қалам ба деп қорқып, әкесінен көмек сұрағанын жеткізді. Ол айыпталушыны кешірмей, заң бойынша жазалауды сұрады.

Екінші жәбірленуші сотталушыға шағымы жоғын, оның досын ұрып-соққанын көрмегенін мәлімдеді. Темекі тұқылын жеу туралы оқиға болмағанын, тек сэндвичтен уланғанын айтты.

Сот сотталушының қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланудағы кінәсі толық дәлелденгенін анықтады. Осылайға оған 2 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды (сотталған адам жазасын бас бостандығынан айырумен, бірақ шектеулермен өтейді). 

Сондай-ақ сот сотталушыны барлық жаза мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тартуды міндеттеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде сержант мерзімді әскери қызметкерді есту қабілетінен айырғаны үшін 1 жылға сотталған еді. 

Талқылау