Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде сәулетшілер үйдің сәулетін гейлердің жалауындағы 7 түспен сәйкестендірген

Ақтөбенің көркін келтіреміз деген сәулетшілер тұрғындардың күлкісіне қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170726191537

9 қабаттағы үйдің сыртындағы бояу гейлердің жалауындағы 7 түспен сәйкес келген.

«Адамдардың пікіріне шектеу қоя алмаймыз. Әр адамның ойы әртүрлі. Біз үшін кемпірқосақтың 7 түсі іспетті. Әр түс адамға көңіл күй береді. Гейлер туралы ойлап, «бұл түсті қолданбау керек екен» деп біз өзімізді шектей алмаймыз. Бар шығар, бірақ ол Еуропа елдеріндегі адамдар арасында ғана кездеседі деп ойлаймыз. Біздің менталитетімізде мұндай жоқ. Ал үйдің қасбетін басқа түске боямаймыз»,- деді Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Танат Шегебаев.

Қалада әлі де жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Ақтөбенің орталығындағы тұрғын үйлер Кеңес үкіметі кезінде салынған. Сұр әрі өңсіз. Сондықтан жаңа сәулет талаптарына сай қайта баяуды жөн көрдік. Қанша үйді бояп, қанша қаржы жұмсайтынымызды айта алмаймыз. Қаржы табылса, үйлерді бояу жұмыстарын жалғастыра береміз. Орталықтағы тұрғын үй маңы халық көп шоғырланатын, қонақтар қыдыратын жер. Үйлердің бәріне рең, түс беру керек болып, боялды. Әрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге сапары кезінде бір типті үйлерге сын айтқан болатын. Үйдің қасбетін әлеуметтік желілерге салып, қала құрылыс кеңесінде талқыланды. Кеңеске қала әкімі Ілияс Испанов және тәжірибелі сәулетшілер мүше»,- деді Шегебаев.

 

Талқылау