Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде сәбиін 60 мың теңгеге сатып жіберген анаға қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде құрсағындағы сәбиін саудаға салған анаға қатысты іске нүкте қойылды. Сәбиін босана салып, алпыс мың теңгеге сатып жібергені үшін, жылап тұрып кешірім сұраған келіншекке, алайда сот аяушылық танытқан жоқ. Жеті жылға сотталсын деген үкім кесті.

pogudx5sdh5b7gorv.916486cb

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Сот бүгінгі айыпталушыларға аяушылық танытқан жоқ. Бір ай бойына қаралып келген іс қатаң үкім оқылумен аяқталды. Сот мемлекеттік айыптаушының сұраған жазаларына еш өзгеріс енгізбей, бала саудасына қатысы бар деген үш айыпталушыға да қатаң жаза берілді.

“Жанна Батырғалиқызы Ақаласова қылмыстық кодекстің 135 бабаның 2 – бөлімінің 1 -тармағымен көздеген қылмыс жасауда кінәлі деп танып, жеке меншігіндегі дүние  мүлкі тәркіленіп, жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын”, – дейді Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлыбек Ормаханов.

Атышулы істе әлі өмірге келмеген баласын саудаға салды деп танылған Жанна Ақаласовадан өзге қылмыстық іске қатысы бар деген тағы екі әйелге де сот жеті жылдан берді. Яғни ортадағы делдал Данагүл Өтешова арқалаған жазасын бес жылдан кейін өтейтін болды.  Кішкентай балаларын ескерген сот осындай шешімге келді. Бірақ Данагүл Өтешова өз кінәсін мойындағысы келмейді. Айтуынша ол құрбысына көмектескісі келген.

“Кінәлі емеспін. Менің көмектескім көмектесуге. Аядым. Кішкентай кезімнен қасымда болды.”, – дейді айыпталушы Данагүл Өтешова.

Ал кішкентай Әділ есімді баланы сатып алмақ болған 55 жастағы Дина Досақова жазадан жеңіл құтылды. Оған сот жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескенімен, тағайындалған жазаны ол шартты түрде өтейтін болды.

Талқылау