Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде орамал таққан оқушылардың ата-анасы мектеп директорын сотқа берді

Ақтөбеде орамал таққан оқушылардың ата-анасы №10 мектеп басшылығын сотқа берді. Қыздар үшінші тоқсан басталғалы бері сабаққа кіргізілмеген. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Мектеп директорынан бастап білім басқармаларына дейін сотқа сүйреткен Қайрат Жармағамбетов мектеп басшылығы екі қызыма бірдей қысым көрсетіп отыр дейді. Айтуынша, бастарындағы орамалы үшін қыздары мектептен шеттетіліп, орта білім алуларына кедергі жасалған.

“Сабаққа келген қыздарымды мектеп директоры Гүлайым Иманова фойеде тікелей өзі қарсы алып, қыздарымның орамал тартатынына байланысты мектепке формасына діни элементтерді қосты деп айыптап, мектепке кіргізбеді. Орта мектептің директоры Гүлайым Иманованың қыздарым міндетті орта білім алу құқығына шектеу қойғандығын заңсыз деп тануды сұраймын”, -дейді ата-ана Қайрат Жармағамбетов.

Сот алдына жауапкер ретінде шақыртылған мектеп директоры оқушы қыздардың оқу үлгерімі мен тәртібі жақсы екенін айтады. Алайда баршаға ортақ мектеп формасын сақтамағаны үшін мектепке кіргізе алмаймыз дейді. Оған арнайы бекітілген талап бар екенін тағы бір еске салды.

“Үш оқушы орамал тартатын, осы ата – аналарға хабарлама бердік, қазан, қараша, қаңтар айында берілді. Осы мектеп формасын яғни, ҚР білім және ғылым министрілігі бекіткен мектеп формасын сақтамайтын болса, мектепке кіргізе алмаймыз деп хабарлама бердік, оған дейін түсіндіру жұмыстары жүрді. Қазан айында біз мектеп қамқоршылығы отырысында  айттық, мектеп формасында бас киімнің жоқ екені ескертілді. Сондықтан орамалдарды шешіп кіруі сұралды”, -дейді Ақтөбе қаласы №10 орта мектебінің директоры Гүлайым Иманова.

Сотта куәлерден бөлек сарапшыларды да тыңдады. Қалалық білім бөлімі, білім беру сапасына жауапты мекемелерден шақырылғандар бір ауыздан мектеп директорының талабы заңды екенін айтады.

Соттың келесі отырысы 15 ақпанға белгіленді.

 

Тағы оқыңыз:

Ауғаныстандағы террактіде қайтыс болған Қазақстан азаматының артында екі баласы қалды

Ең жас маскүнем: ШҚО-да алты жасар бала наркодиспансерде есепте тұр

Таразда істі болған сығандар сот отырысындағылардың көзін байлап, қарғыс айтты

Алматыда үйге түскен ұры перденің артына жасырынған жерінен ұсталып қалды

Талқылау