Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде облыстық әкімдікке көлігімен басып кірген жүргізушіге қатысты жаңа мәліметтер шықты

Ақтөбеде облыстық әкімдік ғимаратына көлігімен басып кіріп, есігінің быт-шытын шығарған 53 жастағы кәсіпкер Бауыржан Анапинге қатысты сот үкімі шықты. Сот бұзақылық жасаған кәсіпкерге он күн бойы абақтыға қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақтөбеде облыстық әкімдікке көлігімен басып кірген жүргізушіге қатысты жаңа мәліметтер шықты

Облыстық әкімдік алдындағы тас баспалдақтан көлікпен көтерілуге кез-келген жүргізушінің әлі келмейді. Сондықтан Nissan Patrolды тізгіндеген кәсіпкердің бұл әрекеті жұртты таңдандырды.

Полицейлердің сөзінше, құрылыс саласында кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер оқиға орын алған күні мас болған. Ал ол ғимаратқа көлігімен басып кірген кезде әкімдік алдында адам болмапты.

Десе де Анапин тек әкімдікте балағат сөз айтқаны үшін жазаланып отыр. Ал мас күйінде көлік рөліне отырғаны жөнінде соттағылар тіс жарар емес.

Арақ ішіп көлікті тізгіндеп, бөтеннің мүлкін бүлдірген кәсіпкердің үстінен қозғалған істің сотқа жету, жетпеуі де белгісіз. Оған облыстық әкімдіктегілердің быт-шыты шыққан есіктің құнын айта алмай отырғаны себеп.

«Автокөлік рөлінде 53 жастағы тұрғын болған. Оның бұрын әкімшілік жазаға тартылғаны белгілі болды», – дейді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Оқи отырыңыз:

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыз Қызылордадан табылды

Толассыз жауған жаңбыр Алматы тұрғындарын әбігерге салды (видео)

Қарағандылық домырашы қыз Прагада өткен «Таланттарға сәлем» жобасының жеңімпазы атанды

Павлодарлық оқушы Сербияда өткен математикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды

Талқылау