Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған зейнеткер 21 жылға сотталды

Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған зейнеткерді 21 жылға сотталдыФото: Ru.freepik.com

Ақтөбеде кәмелетке толмаған оқушыны зорлаған зейнеткерге үкім шықты. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өңірдегі ауылдардың бірінде тұратын 64 жастағы ер адамды кінәлі деп таныды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот дерегінше, 14 жастағы мектеп оқушысы зейнеткерден жүкті болып, бала туған. Ер адам қыздың әжесінің күйеуі, яғни оның туған атасы емес.

Сот айыпталушының Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі (Кәмелетке толмағанды зорлау) және 124-бабының 3-бөлігі (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас) бойынша қылмыс жасады деп таныды.

Іс материалдарына сәйкес, 14 жастағы мектеп оқушысы 2025 жылдың күзінде бала босанған.

Судья Алтынбек Сабыров айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ зейнеткер 124-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Баптардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза 21 жылға бас бостандығынан айыру болып белгіленді.

Резонанс тудырған бұл оқиға 2025 жылдың күзінде Ақтөбе облысында болған. Мектеп оқушысының жүкті екені тек босанған кезінде анықталған. Оған дейін 9-сынып оқушысы үш рет медициналық тексеруден өткен. Яғни, 2025 жылдың 1318 наурызы аралығында аудандық ауруханада, 28 мамырда жазғы лагерьге рәсімдеу кезінде, 10 қыркүйекте ата-анасымен бірге өткен жоспарлы тексеруден өткен. Алайда дәрігерлер жүктілік белгілерін анықтамаған.

Бұл дерек бойынша өңірде жеке тексеру жүргізілді.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 04 Ақпан, 2026 09:22