Ақтөбеде мектеп асханаларын тексерген шенеунік айыппұл арқалады
Фото: aktobetimes.kz
Ақтөбе облысы қоғамдық кеңесінің басшысы Тәттігүл Талаеваға мектеп асханаларына мониторинг жүргізгені үшін айыппұл салынды. Сот оның әрекетін заңсыз деп тапқан. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сәуірде кеңес мүшелері мониторинг аясында 40 мектеп асханасын аралады. Олармен бірге білім бөлімінің өкілі мен дәрігер де болды.
Қоғамдық кеңес асханалардағы жағдайға көңілдері толмайтындарын айтып, оны БАҚ-та жариялаған. Сөздерінше, кей жерлерде оқушыларға ет пен көкөніс жеткіліксіз болса, кейбір жерлерде тарақандар асханада жорғалап жүр, аспаздардың кейбірінде сантиралық анықтамасы жоқ, кейбір асханаларда ыдыс жуу, тағамды сақтауы дұрыс емес.
Мектеп асханасын жалға алған кейбір кәсіпкерлер өз құқықтарының бұзылғанын айтып шағымданды. Нәтижесінде облыстық прокуратураға республикалық бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру қауымдастығының вице-президентінен арыз түсті. Көп ұзамай қоғамдық кеңес басшысы Тәттігүл Талаеваға қатысты іс материалдары сотқа жіберілді.
Сотта Тәттігүл Жақсыбайқызы мектеп асханаларына рұқсатпен кіргенін, барлығы халат пен бас киім киіп жүргенін айтып, өзіне тағылған талаптарды мойындамады. Мониторинг мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мектептегі тамақтың сапасына қатысты шағымдарға байланысты болды.
Сондай-ақ жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша хаттамалар жасалмаған, тыйым салатын нұсқамалар болмаған, іссапардың өзі кәсіпкерлер үшін ешқандай құқықтық салдар тудырмаған. Талаеваның өкілі оның қоғамдық бастамаға негізделген әрекетін заңсыз араласу деп санауға болмайды деп атап өтті.
Алайда сот қоғамдық кеңес тек мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мониторинг жүргізуге құқылы, ал жеке кәсіпкерлер оларға кірмейтінін атап өтті.
Қажет болған жағдайда кеңес мүшелері мониторинг аясында сол асханаларға бара алады, бірақ жалға алушылардың келісімімен ғана екен. Алайда келушілердің жеке кәсіпкерлерден жазбаша келісімі жоқ болып шықты. Ал мектеп директорларын ғана хабардар ету ешқандай рөл атқармайды, өйткені олар бақылау объектісі емес.
Мониторинг"Қоғамдық кеңестер туралы" заңның шеңберінен өрескел шығу" деп саналды.
Нәтижесінде Тәттігүл Талаева кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 393,2 мың теңге айыппұл салынды.
Мұнымен келіспеген қоғамдық кеңес басшысы облыстық сотқа шағым түсіргенімен, бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгерген жоқ. Талаева енді Жоғарғы сотқа шағымданады деген болжам бар.

"Желке сүйегін алып тастады": Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында кішкентай қыздың үстіне футбол қақпасы құлаған
